“Ел қауіпсіздігіне төнген қауіп”: Freedom мемлекеттің құпия деректеріне қол жеткізуді көздеп отыр

Фото: YouTube.com

Freedom айналасындағы шу басылар емес. Тимур Турловтың былықтары күн сайын әшкере болуда. Бұл жолғы шу Үкімет отырысындағы олигархтың Премьер-Министрге ұсынған күмәнді жоспары жайлы.

Желі қолданушысы Турловтың күмәнді схемаларының бетін ашты. Оның айтуынша, Ресейден келіп Қазақстан нарығына көз салған олигарх енді мемекеттік деректерге қол жеткізуді көздеп отыр.

«30 жыл бойы Назарбаев кланы мен оның ұрпақтарына шыдап келдік. Бұл біз үшін сабақ болуы керек еді. Алайда билік тағы да сол жолмен келе жатыр. Енді ел басқаруды басқа бір кланның қолына өтуін үнсіз ғана бақылап отыр», — деп шүйлікті қоғам белсендісі.

Ozgeris.info тілшісі мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты.

Үкімет отырысында Тимур Турлов үкімет басшысына өзінің «қызықты» ұсынысын жасады. Ол сақтандыру төлемдерін жеңілдету сылтауымен мемлекеттік деректерге қол жеткізуді көздеп отырған көрінеді. Яғни, оның Freedom Insurance сақтандыру компаниясы өз өнімдерін 102 (полиция) және eGov (ІІМ) мемлекеттік қосымшаларына енгізуді жоспарлап отыр.

Алайда жеке сақтандыру компаниясы мемлекеттік деректерге қол сұғуы нені білдіреді? Бұл ел азаматтарының жеке деректеріне төнген қауіп дейді желі қолданушысы.

Турлов өз ұсынысын Еуропа тәжірибесіне сүйене отырып жасапты.

«Алайда, Германияда жеке компаниялардың мемлекеттік деректерге қол жеткізуі шектеулі, одан бөлек қатаң заң нормаларымен реттеледі. Еуропада деректерді қорғау мәселесі өте маңызды, әсіресе банк және сақтандыру салаларында. Бұл саладағы кез келген заң бұзушылық GDPR (ЕО-ның Жалпы деректерді қорғау регламенті) бойынша үлкен айыппұлдарға әкелуі мүмкін», — деп жазды белсенді.

102 және eGov мемлекеттік сервистерінде өте құпия ақпараттар деректері сақталады. Атап айтқанда, азаматтар туралы деректер, олардың барлық іс-әрекеттері, тіпті жол-көлік оқиғалары, айыппұлдар мен жеке мәліметтер.

«Мен де басқалар сияқты деректерімнің жеке компанияның қолына түскенін қаламаймын. Әсіресе Freedom-ның. Неге? Себебі оның арты таза емес», — дейді ол.

Мемлекеттік қызметтер жеке бизнестің емес, халық пен қоғам мүддесі үшін жұмыс істеуі керек. Бұдан бөлек, бұл істің арты монополияға ұласу қаупі бар. Егер сақтандыру компаниясы ІІМ мен полиция деректеріне қол жеткізетін болса, бұл бәсекелестеріне деген әділетсіздік, және болашақта басқалардың да осы қадамға баруына итермелейтін қауіпті қадам.

Бұдан бөлек деректер қолды болса басқа да қауіптерге жол ашылады. Яғни, жеке азаматтардың құпия деректері таралып кетуі немесе манипуляция жасау сынды тәуекелдер бар.

«Турлов тым шектен шығып кеткен сияқты. Турловты Үкімет отырыстарына кіргізбес бұрын, құқық қорғау органдары оның өткенін тексеруі керек. Әсіресе, Ресейде оған қатысты қозғалған барлық қылмыстық істерді мұқият зерттеуі керек», — деп жазды Әсел Темірова.

Фото: facebook.com/assel.makken

Турловтың клиенттерінің арасында көптеген олигархтар бар дейді Әсел Темірова. Қоғам белсендісі келтірген деректерге сүйенсек, 2011 жылы Жомарт Ертаев оны Алматы нарығына алып келген көрінеді. Ол оңтүстік астананы Мәскеумен салыстырып, алайда бәсекелестік пен шығындар төмен екенін айтқан. Оның кеңесіне құлақ асқан Турлов бірден іске кіріскен.

Осылайша Турлов 2011 жылы «Номад Финанс» компаниясын сатып алды. Ал Ертаев бұл жобаға қатысқысы келмегендей кейіп танытқан екен. Жомарт Ертаевтың ақша табудан бас тартқанына сену қиын. Дегенмен мәміле жасалғаннан кейін екі ай өткен соң «Номад Финанс» лицензиясынан айырылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №189 қаулысымен «NOMAD FINANCE» акционерлік қоғамы бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды. Лицензия 2005 жылғы 26 наурызда №0401200985 болып берілген еді. Оны бағалы қағаздар нарығын реттейтін ҚР заңнамасын жүйелі түрде бұзғаны үшін алып қойған. Бұл шешім ҚР Ұлттық банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің ұсынысына сәйкес, ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының 3-1-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына, 51-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына және ҚР Ұлттық банкінің ережелеріне сәйкес қабылданған.

Яғни, Турлов сол кезде-ақ Қазақстан заңдарына бағынбай, жүйелі түрде бұзып келген. Ал Жомарт Ертаевтың тағдыры бәріне мәлім.

Жомарт Ертаев. Фото: azh.kz

Турловтың компаниясы лицензиясынан айырылғаннан кейін бір жыл өткен соң, ол басқа компанияны – Seven Rivers Capital-ды сатып алып, оны «Фридом Финанс» деп өзгерткен.

Бірақ бұл оқиға мұнымен аяқталмайды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (АРРФР) мәліметінше, «Фридом Финанс» компаниясы мен оның еншілес кәсіпорындары бірнеше рет түрлі заң бұзушылықтары үшін айыппұл арқалаған.

2018 жылы «Фридом Финанс» ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 214-бабы бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2023 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) «Фридом Финанс» және оның еншілес компанияларына бағалы қағаздар нарығында жасалған қаржылық махинациялары үшін санкциялар қолданды:

  • «Фридом Финанс» АҚ,
  • «Фридом Финанс Қазақстан Банкі» АҚ,
  • «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ,
  • «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ.

Одан бөлек жақында «Фридом Финанс» топ-менеджерлеріне алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі (АФМ) Световойға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелгенін растады.

ҚазТАГ агенттігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың тамызында «Фридом Финанс» АҚ-да атқарушы директор лауазымын атқарған В. Световойға қатысты ішкі қызметтік тексеру басталған. Ақпаратқа қарағанда, тексеру нәтижелері бойынша Световой өз лауазымы мен клиенттерінің сенімін асыра пайдаланғаны, ұйым клиенттерімен жеке мүліктік қатынастарға түскені, ақшаны компанияның шотына емес, оны неғұрлым тиімді инвестициялау үшін жеке өзіне аударуды ұсынғаны анықталды.

Ақпаратқа сәйкес, осылайша алынған ақша қаражаты инвестиция үшін емес, Световойдың жеке мұқтаждарына, оның ішінде оның қарыздарын өтеуге жұмсалған. Мәлімет бойынша бұл әрекеттерді басшылықтың рұқсатынсыз жеке өзі жасағаны аталды. Ақпаратта айтылғандай, тексеру негізінде 2024 жылғы тамызда Световой беделін түсіретін мән-жайлары үшін жұмыстан босатылған.

Бұл да компания ішінде заң бұзушылықтар болуы мүмкін екенін көрсетеді

Турловтың Ресейде де мәселелері жетіп артылады. Сот Freedom Holding акционері Тимур Турлов пен Ассоциация банкінен активтерін алып қою ісі бойынша басқа да айыпталушылардың мүлкін бұғаттады. Нижний Новгород облысының арбитраждық соты Турловтың 18,95 миллион еуро және 2,05 миллион доллар көлеміндегі қаражаты мен басқа да мүлкіне тыйым салған. ІІД сот ісі 2019 жылы лицензиясынан айырылған ресейлік несие банкі қауымдастығының қаражатын ұрлау ісімен байланысты.

Ол Ресейдің мемлекеттік мекемесін тақырға отырғызған ба, әлде тағы бір келісілген алаяқтық па — белгісіз.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...