Жаңалықтар

Қазақ бұқаларына шекара жабылды

Қазақстанда бұқаларға шекара жабылды. Жоқ, бұқалар бүлік шығарған жоқ, жай ғана ел үкіметі 2025 жылдың 15 мамырынан бастап ірі қара малды, атап айтқанда бұқаларды шетелге сатуға уақытша тыйым салды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.

Бұл тыйым – елдегі азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға, отандық ет өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға бағытталған. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігі бірлескен бұйрық арқылы шектеуді бекітті. Жыл басында картоптың экспортына да тыйым салынған болатын. Ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты, Қазақстан шетелге картоп жіберуді тоқтатты.  
Барлық жаңалық