BizBirgemiz қоғамдық қорының сайтында жарияланған фотосуреттер Freepik арнайы сайтынан сатып алынған болып шықты. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Кaztag.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, қордың бас бетінде ақша жымқырды деп күдікке ілінген қордың құрылтайшысы Перизат Қайраттың суреті жарияланған. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1,5 миллиард теңге мен Палестина халқына көмек ретінде жиналған 200 миллион теңгені ұрлағаны үшін күдікке алынған.
Сайтта көрсетілген мәліметтерге сәйкес BizBirgemiz қоры Қазақстанның Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Абай, Ақмола және Ұлытау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинауды ұйымдастырған.
Қор өзі өткізген қайырымдылық акцияларын сипаттап, екі фотосуретпен біріктіріп жіберген.
Фото: bizbirgemiz.kz
Біріншісінде бір топ адам, оның ішінде көбінесе шетелдік азаматтардың азық-түлік жинап жатқаны көрінеді. Екіншісінде жас қыз қолында қорап ұстап тұр. Бірақ Google Chrome браузерінің Google Lens функциясын пайдаланып, бұл фотосуреттердің түрлі сайттарда кездестірілетінін көруге болады. Ал суреттердің негізгі көзі Freepik болып шықты.
Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz
ПІКІР ЖАЗУ