Жаңалықтар

Павлодардың 30 ауылында жаңа медициналық ұйымдар салынады

Барлық құрылыстың жалпы құны — 5,3 млрд теңге. Жаңа ғимараттар жыл соңына дейін салынып бітеді деп жоспарланған.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының аясында Павлодар облысындағы 30 елді мекенде 2 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлі пункт, 23 медициналық пункт салынады. Олардың құрылысына 5,3 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы өңір басшысы Асайын Байханов хабарлады. Ол жергілікті аудан әкімдеріне жаңа денсаулық сақтау нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуді, емдеу ұйымдарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды. Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларына ұлттық жоба ҚР Президенті мен Үкіметтің ерекше бақылауында екенін еске салды. Міндетті шарттардың бірі — ашықтық және құрылыс барысын толық бақылау. Жұмыс барысына мониторингті Үкімет аппараты мен бейінді министрліктер «Битрикс» ақпарат жүйесі арқылы жүргізеді.
Барлық жаңалық