Анықталғандай, қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігердің рецепті бойынша үш жасар балаға дәрі сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін бала өзін нашар сезіне бастаған, құсқан. Әйел дереу жедел жәрдем шақырған.Бала антидепрессантпен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Анықталғандай, фармацевт қателесіп, басқа мақсаттағы дәріні сатып жіберген. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"ozgeris.info".