Білім және ғылым

Отандық ғалымдар қанша жалақы алады?

2022–2024 жылдар аралығында отандық ғалымдардың ғылыми әлеуеті мен құзыреттері артып, еңбекақылары көбейеді деп хабарлайды "ozgeris.info". ҚР Ұлттық экономика министрлігі алдағы екі жыл ішінде 74 ғылыми-зерттеу институтының кадрлық әлеуетін нығайып, 1 200 жетекші ғалымның еңбекақысын 69%-ға артатынын жеткізді.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 7,5 млрд теңге, атап айтсақ, 2022 жылы – 2,5 млрд теңге, 2023 жылы – 2,5 млрд теңге, 2024 жылы – 2,5 млрд теңге қарастырылады.
"Сондай-ақ 7,5 млрд теңгеге қосымша қаржы іздестіріледі", – деп мәлімдеді Экономика министрлігі.

"ozgeris.info"

Барлық жаңалық