🌐 Әлем

Ош облысында ер адам қызғаныштан әйелін атып өлтірді

Ош облысының Өзген ауданында 40 жастағы ер адам жұбайын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ош облыстық ішкі істер басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты El.kz интернет порталына сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға қызғаныш себептерінен орын алған. Алдын ала тергеу нәтижелеріне сәйкес, күдікті әйелінің мектептегі сыныптастарының кездесуіне қатысқаннан кейін оны бұрынғы сыныптасына қатысты қызғанып, соққыға жыққан және оқ атқан.
«Ер адам әйелін алдымен ұрып-соғып, кейін атыс қаруын қолданған», – деп хабарлады ішкі істер басқармасы.
Барлық жаңалық