TikTok қолданушысы «Жайдарман» әзіл-сықақ кешінде өзінің құқығы тапталғанын айтты, — деп жазады ozgeris.info сайты.
Айтуынша, ол өзінің хиджабына байланысты залда қысымға ұшыраған.
«Бүгін Жайдарман Ұлттық лигасын көруге бардым.
Орным — төрешілердің артындағы 1-қатар.Алдын ала келіп, өз орнымда отырдым. Қасымда құрбымды күтіп отырғанмын. Бір оператор келіп:
– Алдыңғы бос орынға өтсеңіз, — деді.
Мен:
– Жоқ, менің алған орным осы. Өз орнымда отырамын, — деп жауап бердім.Сәлден соң екінші оператор келді:
– Қазір “Хабар” арнасына түсірілім басталады. Қызыл киіммен отыруға болмайды, — деді.
Мен:
– Қызыл орамалдың не қатысы бар? — деп сұрадым.
– Қарындас, анау бос орынға барып отырсаңызшы, оператор айтып жатыр, — деді тағы.
Мен тағы да:
– Менің орным осы. Өз орнымнан тұрмаймын, — дедім.Кейін тағы бір оператор келіп:
– Басталуға аз қалды, төрешілер келе жатыр. Өтініш, басқа орынға өтсеңіз.
Мен:
– Бұл орамал үшін бе?
Ол:
– Иә. Бірінші қатарда орамалмен отыруға болмайды. Бізге солай тапсырма берілді, — деді.
Мен:
– Онда басшыңызды шақырыңыз, — дедім.Жайдарман біткенше орнымда отырдым. Кейін жағдайдың анық-қанығын білу үшін түсірілімге жауапты адамды іздедім. Жанасыл Болатбек мырзадан сұрадым. Менің құқығым шектеліп жатыр, не себепті деп. Ол:
– Бұл басшылықтың тапсырмасы. Барлық телеарна талаптары солай. Жазылатын заңдар бар . Жазылмайтын заңдар бар. Солай енді…, – деді @zhanasil», — деп жазды ол.
Сондай-ақ бойжеткен Есен Елеукенді белгілеп, аталмыш жайттың қаншалықты заңды екенін сұраған.
«Құрметті Есен Елеукен мырза! @jaidarman_production @galym_makhambetov
Осы жағдайға қандай пікір айтасыз?
Орамал таққан қыздардың Жайдарман көруіне, 1-қатарда отыруына тыйым салынғаны — қандай заңмен реттеледі?
Егер бұл шарт болса, неге билет сатуда ескертілмейді?
“1-қатарда орамал таққан қыздарға орын берілмейді” деген тәртіп қайда жазылған?!Қазақстан телеарналарында орамалмен түсуге тыйым салынатыны, мұсылман әйелдердің жиі шеттетілетіні — ашық құқық бұзушылық», — деді ол.
@_dinaramОрамалыма кезекті шектеу Бүгін Жайдарман Ұлттық лигасын көруге бардым. Орным — төрешілердің артындағы 1-қатар. Алдын ала келіп, өз орнымда отырдым. Қасымда құрбымды күтіп отырғанмын. Бір оператор келіп: – Алдыңғы бос орынға өтсеңіз, — деді. Мен: – Жоқ, менің алған орным осы. Өз орнымда отырамын, — деп жауап бердім. Сәлден соң екінші оператор келді: – Қазір “Хабар” арнасына түсірілім басталады. Қызыл киіммен отыруға болмайды, — деді. Мен: – Қызыл орамалдың не қатысы бар? — деп сұрадым. – Қарындас, анау бос орынға барып отырсаңызшы, оператор айтып жатыр, — деді тағы. Мен тағы да: – Менің орным осы. Өз орнымнан тұрмаймын, — дедім. Кейін тағы бір оператор келіп: – Басталуға аз қалды, төрешілер келе жатыр. Өтініш, басқа орынға өтсеңіз. Мен: – Бұл орамал үшін бе? Ол: – Иә. Бірінші қатарда орамалмен отыруға болмайды. Бізге солай тапсырма берілді, — деді. Мен: – Онда басшыңызды шақырыңыз, — дедім. Жайдарман біткенше орнымда отырдым. Кейін жағдайдың анық-қанығын білу үшін түсірілімге жауапты адамды іздедім. Жанасыл Болатбек мырзадан сұрадым. Менің құқығым шектеліп жатыр, не себепті деп .Ол: – Бұл басшылықтың тапсырмасы. Барлық телеарна талаптары солай. Жазылатын заңдар бар . Жазылмайтын заңдар бар. Солай енді… – деді @zhanasil ⸻ Құрметті Есен Елеукен мырза! @jaidarman_production @galym_makhambetov Осы жағдайға қандай пікір айтасыз? Орамал таққан қыздардың Жайдарман көруіне, 1-қатарда отыруына тыйым салынғаны — қандай заңмен реттеледі? Егер бұл шарт болса, неге билет сатуда ескертілмейді? “1-қатарда орамал таққан қыздарға орын берілмейді” деген тәртіп қайда жазылған?! Қазақстан телеарналарында орамалмен түсуге тыйым салынатыны, мұсылман әйелдердің жиі шеттетілетіні — ашық құқық бұзушылық. @tokayev_online Жалғасы⤵️
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру