Орал қаласының әкімі отставкаға кететінін айтты

Фото: Facebook

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы әкімнің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Бүгін Орал қаласының әкімі қызметінен кеткенімді хабарлаймын. Мен үшін бұл қызметте екі жылдан астам оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс жасау үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді. Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны орын алып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс жасадық деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге екі жыл бойы сүйікті қаламызды одан әрі көркейтуге тырыстық. Бұл — туған жеріне жанашыр әр азаматтың өлшеусіз еңбегі.

Қазір барлық салаларда жұмыс жолға қойылған. Жаңадан тағайындалатын қала әкімі ағымдағы жағдайды жедел түсініп, жұмысты жүйелі жалғастыратынына, ал болашақта шаһарымыз үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сенемін. Оның үстіне, сіз, менің қымбатты жерлестерім, оң бастамаларды әрдайым қолдауға дайынсыздар. Әріптестеріме және құрметті оралдықтарға сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамын», — деп жазды әкім.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!