Қоғам
Оқушының басына секіріп, құлағын кесіп алмақ болған: Бір топ оқушыны студенттер өлімші етіп сабап кетті (ВИДЕО)
Ақтөбеде кешкі уақытта спорт алаңында ойнап жүрген 11-сынып оқушыларын бір топ жігіт келіп, сабап, пышақтаған, деп жазды Ozgeris.info Диапазон сайтына сілтеме жасап.
Төбелес 2 қазан күні №23 мектептің балалар фотбол ойнайтын спорт алаңында болған.
“Біздің балалалар мектеп алаңында футбол ойнап жүрген. Мектептің жанынан екі топ колледж студенттері өтіпті. Олардың бір тобы, шамаман 15 адам, балаларымыздың жанына келген. Төбелесті солар бастаған. Әр оқушыға 4-5 адамнан жабылған. Олардың колледж студенттері екенін кейін білдік. Менің балама бесеуі жабылған. Соққыдан әлсіреп жерге ққұлағанда үш жерінен пышақ сұққан. Сәл болғанда пышақ бүйрекке тиер еді. Досымның ұлына да пышақ сұққан. Тағы бір баланы да оңдырмапты. Оның миы шайқалған, омыртқасына зақым келген. Ол баланың басына секірген көрінеді. Ұлымның айтуынша, студенттердің бірі оның құлағын кесемін деп қорқытқан. Ол басын бұғып, орнынан тұрғанда жабылғандар қашып кеткен”, – дейді Шынар есімді ата-ана.
Айтуынша, қаскөйлер қашып кеткен соң балалар жақын маңдағы дүкенге бас сауғалаған. Кейін жедел жәрдем, полиция келген. Соққыға жығылған оқушылардың үшеуі ауруханаға түсті. Жарақаттары ауыр болған.
“Жапа шеккен басқа балалар да бар. Бірақ олар арыз жазудан бас тартты. Төбелес болған жерде бейнекамера болған. Видеодан шабуыл жасаған 7 адамды көруге болады. Бірақ қаскөйлердің саны 15 еді. Арада 19 күн өткеннен кейін де ешкім ұсталмады да, анықталмады да. Тергеудің ұзақ уақытқа созылып жатқанына ашуланамыз. Бейнежазбаға түсіп қалған жеті адамның екеуі ғана бұзақылық жасады деп айыпталған, қалғандары бостандықта жүр”, – дейді ашынған ата-ана.
Тергеуді әділ өтуін қалаған ата-аналар болып жатқан келеңсіз жағдайларға алаңдайды. Үш оқушының ата-анасы 21 қазанда облыстық прокуратураға объективті тергеуді талап етуге келген. Сол жерде олар Ақтөбе полициясының басшылығымен кездесіп, наразылық білдірді.
“Тергеу әділ өту үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз. Төбелеске қатысушылардың барлығы сол түні анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, әркімнің не істегенін анықтап жатыр. Олардың барлығы кәмелетке толмағандықтан жағдай қиын болып тұр. Олардың арасында Шалқар және басқа да аудандардың тұрғындары бар. Олардан тек заңды өкілдердің қатысуымен ғана жауап алынуы мүмкін. Уақыт керек”, – деп мәлімдеді полиция.
-
Қарағандыдан Астанаға бара жатқан жолда апат: екі адам оқиға орнында қаза тапты
15:28, 12 шілде 2025
-
Рұқсатсыз жұмыс істеген мейрамхана жұртты улады
14:38, 12 шілде 2025
-
«Мөлдірдің қысымына шыдай алмадым»: Тұрсынбектің «екінші» әйелі үндеу жасады
13:02, 12 шілде 2025
-
-
Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады
17:12, 11 шілде 2025
-
Атырауда көкөніс теруге 500-ден астам шетелдік жұмысшы келді
16:52, 11 шілде 2025
-
«Балаңызбен тұра алмайсыз»: Ефремова жарыс алдында қиын жағдайға тап болды
16:30, 11 шілде 2025
-
Енді интернетсіз де сөйлесуге болады
16:24, 11 шілде 2025
-
Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті болып тағайындалды
16:00, 11 шілде 2025
-
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
-
-
Интернетте де жауапкершілік бар
09:09, 09 шілде 2025
-
-
"Осы күнге жеттік": Елдос "Колобок" сәби сүйетінін жылап тұрып сүйіншіледі (ВИДЕО)
19:51, 07 шілде 2025
-
-
-
«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы атқарған істерін тізіп шықты (ВИДЕО)
10:39, 09 шілде 2025
-
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025