Жаңалықтар

Оқушы қыз арықтағы суға батып кете жаздады (ВИДЕО)

Ақтөбеде оқушы қыз арықтағы суға батып кете жаздады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Оқыс оқиға 31 наурыз күні Батыс-2 шағынауданында болған. Жасөспірім жаяу жүргінші жолымен келе жатып, арық шетінен аттамақ болғанда, суға құлап кеткен.
Қызды жақын жерде орналасқан фитнес-клубтың қызметкерлері мен келушілері құтқарып қалды. Әзірге оқушының жағдайы белгісіз. Ресми түсініктеме бүгін беріледі деп күтілуде.  
<
Барлық жаңалық