Нұралы Әлиев «Транстелекомды» сатпас бұрын миллиардтаған теңге алып үлгерді

Фото: ttc.kz

«Транстелеком» АҚ-ның акционерлері мен директорлар кеңесінен шығудан бұрын, Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұралы Әлиев қомақты дивидендтер алып үлгерді, деп хабарлайды ORDA порталы.

Әлиев 12 ақпанда өзінің «Транстелекомдағы» үлесін сататынын мәлімдеді. Сол күні компания 2023 жылға арналған акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімін жариялады. Бұл туралы KASE-де жарияланған құжаттан көруге болады.

Дивидендтер 31 қаңтарда төленді, олардың жалпы сомасы 6 миллиард теңгені құрады. Компанияда 27 қаңтардағы жағдай бойынша үлесі бар инвесторлар 4,5 миллиард теңге алды (бір жай акцияға – 1064,19 теңге), қалған сома кейінірек төленеді. Ол кезде Нуралы Әлиев пен Дмитрий Покупателев «Unit Telecom» ЖШС арқылы «Транстелеком» акцияларының 75 %-ына иелік еткен.

Назарбаевтың немересі компаниядағы үлесін сататынын жариялағаннан кейін, директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне Покупателев тағайындалды.