Дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы қоғамдағы исламофобияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Радикализмге де кетіп қалмай, исламофобияға да ұрынбай, талай жылғы қалыптасқан құндылығымызды сақтау маңызды. Өйткені күнделікті өмірімізде исламның элементтері бар. Қазақы салт-дәстүріміз туғанда азан шақырып ат қойғаннан өлгенде жаназа шығарғанға дейінгі кезеңде исламмен етене араласып кеткен. Сол құндылықтарды ұстанайық, — деді Кеңшілік Тышқанұлы Youtube-тағы «Сұрауы бар» арнасына.
Сарапшының пікірінше, қоғамда ізгі құндылықтарды насихаттау керек.
Намаз оқу-оқымау әркімнің өз шаруасы. Сен оған тиіспе. Құндылықтарыңды уағызда. Ізгілігіңді жаса. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Хақ мұсылман кім болар, Айтқан сөзі шын болар, рақым, ұят, ар, нысап, төртеуі болса – дін болар» деп айтқан. Міне, біздің діндарлығымыз осы. Сондықтан радикализм үшін бүкіл исламды және исламнан нәр алған дәстүрлі дінімізді сол қазанға салып жіберуге болмайды, — дейді дінтанушы.
ПІКІР ЖАЗУ