Мьянма премьер-министрі Мин Аун Лайн жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты 31 наурыз бен 6 сәуір аралығын ұлттық аза тұту деп жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
«Адамдардың қаза табуына байланысты 31 наурыздан 6 сәуірге дейінгі аралық ұлттық аза тұту деп белгіленді», — делінген хабарламада.
28 наурызда ел аумағында жойқын жер сілкінісі болды. Оның магнитудасы 7,9 балл болған. Жер сілкінісі көршілес Таиланд еліне де әсер етті, Қытай мен Вьетнамда жер асты дүмпулері сезілді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру