Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ЛГБТ пропагандасына қарсы екенін айтқан болатын. Жақында 50 мың қол жинаған петицияны қолдайтынын да айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info ақпараттық агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
«Біз де петицияны жақтаушылар тарапынанбыз. Біз мұндай насихатқа тыйым салынуы керек дегенді бұған дейін де, Мәжіліске келмей тұрып та айтқанбыз. Сондықтан сол ойымызда қалуға тырысамыз. Қазір біздің қоғамды онсыз да түрлі ұйымдарға, ағымдарға бөлу, алалау белең алып бара жатыр. Менің жеке пікірім — мұндай нәрселерге тыйым сала білуіміз керек», – деді Ринат Зайытов.
Депутаттың ойынша, егер мұндайға тыйым салынса, ешқандай дискриминация болмайды.
«Демократиялық қоғамда таңдау болуы керек. Петицияны қараймыз. Меніңше, қазақтың қаршадай қыздарының көшеге шығып, «менің жатырым, менің шаруам» деп айғайлау өте әдепсіз. Ал басқа ұрандарын айтуға аузым бармайды», – деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ