Бір ай іздеуден кейін Vita қозғалысының еріктілері 26 жасар Павлодар тұрғыны Александр Фоминді тауып алды. Өкінішке қарай, қайтыс болды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Irbistv.kz сайтына сілтеп.
Александр Фомин 1 қыркүйекте байланысқа шықпады. Іздеуге туыстары, достары жүгінді, содан кейін еріктілер мен полицейлер қосылды. Vita іздеу жүйелерінің ақпараты бойынша, оларда болжамды бағдар болған.
«Жоғалу қарсаңында Александр өз өмірін қиюды ойлайтынын жазып, тіпті «Мені осы жерден іздеңдер» деп Усольский шағын ауданындағы орынды да көрсеткен. Жоғалған күні сағат 18:00 шамасында Абай көшесіндегі СТО жұмысынан шығып, белгісіз бағытқа кетті. Кейінірек анықталғандай, сағат 19:30 Александр SMALL дүкенінде болып, спирт, «Кока-кола» және FAIRY жуғыш сабын заттарын сатып алған», — деп жазды еріктілер Instagram-дағы өз бетінде.
Полицейлер мен еріктілер жоғалған адамның Усолка ауданында екенін анықтады. Аумақты, бүкіл жағалауды аралап, суда да іздестіріп, бір айдан кейін тұрған жерін анықтай алды. Александр Фомин өлі табылды.
Павлодар облысының ЖП аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
ПІКІР ЖАЗУ