Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында (Алаяқтық) көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздеу салды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы.
«Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау». Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электрондық поштаға жазыңыз kb.vko@antikor.gov.kz). Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі», — деп жариялады Антикор.
Айта кетері, Азамат Қапенов ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған. 2015 жылы ол Мәсімовтің үлкен қызына үйленген.
ПІКІР ЖАЗУ