Rolls-Royce Trent 900 қозғалтқышымен жабдықталған ұшақ Францияның Балниак әуежайынан Тулузға дейін үш сағат ұшты. Содан соң аталған ұшақ Тулузан Ниццаға дейін осы отын түрімен тағы аспанға көтерілді.Бұл отын түрін TotalEnergies компаниясы әзірледі, дәлірегі, отын құрамында күкірті жоқ, гидроөңдеуден өткен күрделі эфирлер мен май қышқылдарынан (HEFA) жасалған. Мұндай отын түрімен ұшатын ұшақтан атмосфераға бөлінетін көміртек қалдығын 71%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Атмосфераға мүлдем көміртек бөлмейтін ұшақ алғаш рет әлемде 2035 жылы пайда болуы мүмкін. https://youtu.be/UQ7rha8fa1E
"ozgeris.info"