Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 10 жыл толуына орай «Ұланымыз ұлы елдің» облыстық форумының қорытынды есебі өтті.
Ақмола облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы «Ақмола облысында балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту орталығын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 10 жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға бағытталған «Ұланымыз ұлы елдің» форумын өткізді.
Форумның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешудегі бірлескен әрекеттерді шоғырландыруға бағытталған ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру.
Іс-шараға облыстағы 19 аудан мен 2 қала және облыстық мектептерден жалпы саны 100-ге тарта балалар мен жасөспірімдер қозғалысының белсенділері онлайн, ал Көкшетау қаласы, Зеренді және Бурабай аудандарының оқушылары оффлайн қатысты.
Форум барысында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы, Ақмола облысы білім басқармасы, Экология департаменті, өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесі ұйымды 10 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Іс-шара барысында 10 жаңа жасұландық жас буынды ұйым қатарына қабылдады.
ПІКІР ЖАЗУ