ҰЛАНДЫҚТАР БАС ҚАЛАДА «МЕНІҢ РӘМІЗДЕРІМ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

2023 жылғы 4 маусымда еліміздің Мемлекеттік рәміздері күніне орай елордада Астана қаласының тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының және ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қолдауымен «Менің рәміздерім» акциясы өтті, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі іс-шаралары «Бәйтерек»монументінің жанында өтті. Бірақ концерттік бөлімге кіріспес бұрын «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының жиынтық оркестрлері, Ұлттық ұлан Академиясының әскери оркестрі және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Үлгілі-көрсетімдік оркестрі музыкалық шеруді «Хан шатыр»сауда ойын-сауық орталығынан  бастап. «Нұрлы жол» Сулы-Жасыл бульварымен жүріп өтті. Олар ұлттық композициялардан бөлек, шетелдік және әскери әндерден де түрлі хиттер мен попуррилер ойнады.

«Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Binom dance studio» жас бишілер тобы өнер көрсетті, ал Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасы карабиндермен дефиле көрсетті. Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында қоғам белсенділері, Олимпиада чемпиондары мен ғарышкерлер болды.

«Бүгін жексенбі күні осындай үлкен мерекемен тұспа-тұс келді. Елорда тұрғындарын және барша қазақстандықтарды айтулы датамен құттықтаймын! Мен үшін мемлекеттік рәміздердің орны ерекше, мемлекеттік рәміздер – біздің еліміз бен ұлтымызды біріктіреді», — деді атақты спортшы Илья Ильин.

Акцияның басты мақсаты мемлекеттік рәміздер мен халық арасында патриотизм сезімін дәріптеу болды. Акция барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде алып шықты, оның көлемі соншалықты үлкен болғандықтан, осындай құрметті миссия үшін 16 әскери қызметші қажет болды. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарына жалаушалар мен шарлар тегін таратылды, олармен флешмоб ұйымдастырды,  келген қонақтар еліміздің ұлттық нышанымен суретке түсіп, шарларды бейбіт аспанға ұшырды.