Кәсіпкер Азамат Доланбаев ауыр қылмысқа күдікке ілінді

фото: ашық дереккөзден

Алматылық кәсіпкер Азамат Доланбаевқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Алматы қалалық полиция департаменті кәсіпкер Азамат Доланбаевқа іздеу жарияланғанын растады. Ол адам денсаулығына ауыр зиян келтірді деп күдікке ілінді.

— Азамат Доланбаев Медеу аудандық полиция басқармасымен адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестірілуде. Ол іздеу жарияланған тұлғалардың қатарында. Сот оған «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Ұсталғанға дейін екі ай мерзімге қамауға алу қарастырылған. Сонымен қатар, күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, — делінген хабарламада.

Ашық дереккөздерде Доланбаевтың қызметі туралы кейбір мәліметтер бар. CMN басылымының жазуынша, өткен жылы ол Жетісу облысы, Сарқан қаласында гемодиализ орталығының ашылуын қаржыландырған. Бұл мақсатқа кәсіпкер 60 миллион теңге бөлген.

2020 жылы A Class Medical компаниясының бас директоры қызметін атқара отырып, ол Талғар орталық аудандық ауруханасын 15 жылға басқару туралы келісім жасасқан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…