Қоғам

Шымкенттегі қуғын: Әскерден қашпақ болған жігіт видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Шымкенттегі қуғын: Әскерден қашпақ болған жігіт видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Қазнетте Шымкент қаласында түсірілген тосын бейнежазба тарады. Кадрдан белгісіз ер адамнан жанұшыра қашып бара жатып сүрініп құлаған жас жігітті көруге болады. Otyrarkz парақшасы бұл оқиғаның бір күн бұрын Чапаевка ауданында болғанын нақтылады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл жағдайдың мән-жайы көп ұзамай анықталды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері әскерге шақырылушы азаматты есепке қою үшін арнайы жоспарлы іс-шара жүргізген. Ресми мәліметте жігіттің бұл процесті дұрыс түсінбей қалғаны жазылған. Ол бойын билеген эмоцияға беріліп жауапты тұлғалардан жасырынбақ ниетпен қаша жөнелген. Алайда аяғы шалынып құлап түседі.

Мамандар оған істің заңды негіздемесін толық түсіндіргеннен кейін жағдай реттелді. Азамат жиын пунктіне өз еркімен барды. Онда ол медициналық комиссиядан өтіп әскери қызметке толық жарамды деп танылды. Қазіргі таңда жас жігіттің мекеме қызметкерлерінің іс-әрекетіне ешқандай шағымы жоқ.

Бұған дейін азаматқа әскерге бару туралы шақыру қағаздары бірнеше рет жіберілген екен. Сондықтан оны комиссариатқа жеткізу жұмысы кезекті рейдтік іс-шаралар аясында іске асқан. Полиция қызметкерлері дәл осы факт бойынша құқық қорғау органына ешқандай шағым түспегенін растады.

Барлық жаңалық