Компания басшысы қауіпсіздік әрбір жұмыскердің негізгі құқығы екенін атап өтті. Оның айтуынша, өндірісте жоспар немесе мерзім үшін қауіпсіздік талаптарынан ешқашан бас тартуға болмайды. Қауіпсіздік – компания қызметіндегі басты басымдық болып қала береді деп хабарлайды ozgeris.info сайты kazakhmys_news телеграмына сілтеп.
Сонымен қатар ол еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолайлы әрі қауіпсіз жұмыс жағдайын жасауға басшылықтың ерекше жауапты екенін айтты.
Бұл үндеу компанияда өндірістік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.