🌐 Әлем

Крит аралының жағалауында қатты жер сілкінісі болды.

Грек аралы Крит жағалауында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 08:19-да Крит аралындағы Айос-Николаос қаласынан 59 шақырым солтүстікте болған. Зілзаланың ошағы 15 шақырым тереңдікте орналасқан. Бұған дейін орталық магнитуданы 6,3 деп хабарлаған еді, алайда кейін бұл көрсеткіш 6,1-ге түзетілді.
Барлық жаңалық