Қостанайда жеті жасар қыздың ата-анасы дәрігерлерді жазалауды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, баланы бір ай бойы суық тиді деп дұрыс емдемей, ақырында бүлдіршін көз жұмған, деп хабарлайды Ozgeris.info. тілшісі «ТоболИнфо» порталына сілтеп
Анасының айтуынша, қыз бірнеше апта бойы қатты қызу көтеріп, тамағы ауырған. Бірақ дәрігерлер жай ғана суық тию диагнозын қойып, антибиотик пен қызу түсіретін дәрілермен шектелген.
— Қызым дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды. Олар баланы мұқият қарап, дұрыс диагноз қоя алғанда, тірі болар еді. Біз шамамен 20 күн бойы №3 емханаға барып жүрдік, бірнеше рет жедел жәрдем шақырдық. Бірақ ешкім бізді тыңдамады. Ақыры өзім қызымды ауруханаға алып бардым, өзім госпитализацияны талап еттім, – дейді қайтыс болған қыздың анасы.
Дәрігерлер қызды ауруханаға жатқызғанмен, ол реанимацияда көз жұмған. Қазір ата-анасы кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру