✅ Пайдалы

Коммуналдық қызмет төлемін қалай үнемдеуге болады? 

Жарықты өшіріңдер! Миллионердің үйінде тұрасыңдар ма? Бұрын аналарымыз осылай айқайласа бұртиып қалатынбыз. Коммуналдық төлемнің шығынын түсінбегеннен шығар. Бірақ, қазір тариф күн сайын қымбаттап жатыр. Банктермен бас қайғы болған бұқара, коммуналдық төлемді көргенде есінен танып қала жаздайды. Ал оны азайтудың жолдары бар ма? Ozgeris.info тілшілері біліп көрді. Кейде суық суды ысырап қылмай, үйді қалыпты температурада ұстап, ток көздерін тұтынатын құралдарды қолданбай қысырлық қылып жатамыз. Бірақ қызмет құнынының азайғаны шамалы. Өйткені оған басқа факторлар әсер етуі мүмкін. Төлемдердің өсуінің негізгі себептері қандай?
  • Есептегіштердің көрсеткіштері жоқ. Мысалы, тұтынушы есептегіш көрсеткіштерін 3 ай бойы бермесе. Төлем нақты тұтыну бойынша емес, өткен айдағы орташа тәуліктік тұтыну бойынша алынады . Қайта есептеу дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін жүргізіледі.
  • Параметрлерді өзгерту: тұрғындардың саны, бөлменің ауданы, жылу жүктемесі.
  • Отбасы мүшелерінің уақытша жоқтығын растау кезінде: медициналық мекемеден анықтама, жұмыс орнынан жол жүру парағы, кету/келу билеттері және т.б.
  • Үйде жалпы үйді есепке алу құрылғысының (OPU) болмауы. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қайта есептеледі.
Ал үнемдеудің жолдары қандай? Ең алдымен есептегішті үнемі тексеріп тұру керек. Өйткені, есептегіш нақты тұтыну көлемі бойынша төлеуге мүмкіндік береді. Ал егер бұл құрылғы болмаса немесе мерзімі өтсе қызмет көрсетуші компания төленетін соманы норматив бойынша есептейді. Бұл әлдеқайда қымбатқа түседі. Сондықтан есептегішті кемі 5 жылда бір рет жаңалап тұрған абзал. Ал егер жарамсыз болса жаңасын алып орнатқан абзал. Тек электр энергиясының есептегішін 8-10 жылда ауыстырсаңыз болады. Есептегішті тексеру қажет екенін екі жолмен анықтауға болады:
  1. Қағаз түбіртекті үнемі қарап отыру керек. Бірақ бұл тәсіл онлайн төлем жасайтындар үшін жарамайды;
  2. Қызмет көрсетуші компаниядан есептеу мерзімін сұрап отыру маңызды.
Тексеру үшін арнайы лицензиясы бар компанияға өтінім жіберген абзал!  
Барлық жаңалық