«Қолымды көтерген жоқ»: боксшы Сәкен Бибосынов жеңілісі туралы пікір білдірді

Париж Олимпиадасының ширек финалында ширек финалында боксшы Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңілді. Жекпе-жектен кейін жерлесіміз кездесуді қорытындылап пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Көрдіңіздер, қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Өкінішті. Ұтылып қалдым. Қарсыласымды жеңісімен құттықтаймын. Төрешілер 3:2 есебін тіркеді. Жартылай финалға шыққанымда кемі қола болар еді. Бәрі Алланың қалауымен ғой. Олимпиадаға келіп, елдің намысын қорғағаныма қуаныштымын. Әттеген-ай, намысты абыроймен қорғай алмадым. Токиода қоладан соң, алтынға келіп едім. Қателіктер кетті, сонымен жұмыс істеймін. Мені қолдаған жандарға алғыс айтамын. Өкінішті», — дейді Сәкен Бибосынов.

«Төрешілер жолынды кесті ме?» деген сауалға «Қолымды көтерген жоқ, ештеңе айта алмаймын» деді.

Айта кетейік,  Бибосынов бірінші басым түскенімен, қалған раундтарда төрешілер жеңісті Өзбекстан спортшысына сыйлады.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында екі боксшы ғана қалды. Ерлерден Нұрбек Оралбай (80 келі) жартылай финалға шықса, қыздардан Назым Қызайбай бүгін ширек финалдағы жекпе-жегін өткізеді. Қалған 8 боксшы жүлдесіз қалды.