Жаңалықтар

"Кешірім сұратуды қою керек!". Дана Нұржігіт спортшылардың жігерін құм қылмауға шақырды

Танымал журналист Дана Нұржігіт Олимпиадаға кеткен азаматтардың халықтан кешірім сұрауына қарсы екенін білдірді, - деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Мұндай әрекетті журналист популизм деп бағалады.

"Сыртта жүріп, қолдан келгенше еңбек еткен азаматтардың үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұратуды қою керек. Бұл - популизм. Елге оралғанда кеткен қатені іскерлік ортада сауатты талқылау деген болады. Мынау өз азаматтарымызды тұқырту, жігерін құм қылу! Мұндайға қарсымын!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Барлық жаңалық