Жаңалықтар

Қазақстанда жол-көлік оқиға саны неше пайызға өсті?

Қазақстанда жол-көлік оқиға саны бір жылда 90% -ға өсті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Бас прокурор Берік Асылов жазды. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы құрбандарының саны да өсуде.
«БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында жағымсыз үрдіс байқалады», - деп жазды Бас прокурор.
Ол прокурорларға себептерін егжей-тегжейлі анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.
Барлық жаңалық