Қазақстан Руандамен визасыз режим туралы келісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Үкімет дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы қаулы қабылдады.
Құжатта бір тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелері екінші тарап мемлекетінің аумағына бірінші келген күнінен бастап 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге бірнеше рет келуге, транзитпен өтуге және визасыз болуға құқылы екендігі көзделеді.
ПІКІР ЖАЗУ