Әлеуметтік желіде Әбілова тегімен танымал блогер апалы-сіңілі қыздардың әкесі дүниеден өтті. Осы тұста Мерей Әбілова желі қолданушыларына реніші барын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
«Әкешім… Өмірімдегі үлгі тұтатын жан. Сіздің берген өсиетіңізбен бой жеттік. Сізге қарап өз жұбымызды таптық. Ақ батаңыздың арқасында жаман өмір сүрмедік… Елге қаншама еңбегіңізді тигізіп кеттіңіз. Абыройы бойында, әділ, шыншыл жан болды менің әкем!», — деп жазды Мерей Әбілова.
Бұдан бөлек, блогер қаралымның соңынан қуып кеткендерді сынады.
«Осындай қаралы жаңалықты TikTok-қа жарысып салып жатқан аккаунттарға айтар сөзім жоқ. Қазір қаралым үшін не істемейді. Аллаға тапсырдым», — деп қынжылды блогер.
ПІКІР ЖАЗУ