Жаңалықтар

«Көзі өтіп кететін жандар бар екен». Дариға Бадықова шетелге көшпекші ме?

Өнер иесі шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.Info
«Басталатын жобаға үміт бар жүзімде. Құдай маған мүмкін емес дүниені мүмкін етеді. Менің сағымды сындыру қиынға соғады. Себебі ақыл-есім бар, Құдайдың қызымын. Алматыға кетемін, келмеймін дейтінмін. Үйдегілер біртүрлі қарайтын. Класстастарымды жұлдыз боламын деп күлдіретінмін. Шүкір Алматыда қалдым. Өнерде ойып орын алдым. Продюсер болып, тағы 1-орын алып көрсем бе деп отырмын. Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине, менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ ренжимін. Ол қандай жоба кім біледі? Айтуға қорқамын көз тие ме деп?! Қандай фильм екенін әзірше айтпай-ақ қояйын. Көзі өтіп кететін жандар бар екен», – дейді Дариға Бадықова.
Барлық жаңалықтар