Жаңалықтар

Индер ауданында мектеп оқушысы буллингтен кейін ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілді

Атырау облысы Индер ауданында мектеп ішіндегі буллинг дерегі қайта тіркелді. “Көктем” қазақ орта мектебінің 7 “А” сынып оқушысы – Жаңабай Нұртөре Сәндібайұлы – сыныптастарынан соққы алып, ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды ozgeris.info сайты KöpSöz Telegram арнасына сілтемемен. Жәбірленушінің туыстары бұл оқиғаны жылы жабуға әрекет жасалып жатқанын айтады. Себебі шабуылға қатысқан балалардың жасы 14-те ғана. Ата-аналар мен туыстары әділ тергеу жүргізіліп, кінәлі тұлғаларға заң аясында шара қолданылуын талап етуде. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі мен жауапты органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды ма, жоқ па — әзірге белгісіз.
Барлық жаңалық