"Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов берген өтінішінің негізінде қызметінен босатылды. Ол өнеркәсіп, инновациялық-индустриалды даму, кәсіпкерлік және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік еткен", - делінген облыс әкімінің түсініктемесінде.Бұл қызметті Шаяхметов 2020 жылдың 20 ақпанынан бастап атқарып келеді.
Өңір жастарының есінде 31 жастағы экс-замәкім "Ертістегі қала" атты рэп-әнінің өзіндік нұсқасы арқылы қалды. Экс-шенеунік өткен жазда өткен жастармен кездесуінде өз шығармасынан рэп оқып берген. Шаяхметов кездесуге "Мен рэпер емеспін" деген жазуы бар жейде, джинсы шалбар мен кроссовкада "галстуксіз" келгені айтылған.Сәкен Шаяхметов — Қазақстан Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың үлкен ұлы.
"ozgeris.info"