Германияның Социал-демократиялық партиясы Бундестаг сайлауында жеңіліс тапты. Шольц сайлау нәтижелерін мойындап, бұл жеңілісті ащы деп атады.
«Бұл Социал-демократиялық партия үшін ащы сайлау нәтижесі, бұл – жеңіліс», – деп келтіреді оның сөзін неміс БАҚ-тары.
Сайлауда бірінші орынды ХДО/ХСО партиясы иеленді. Оны Фридрих Мерц басқарады. Оның келесі канцлер атануы ықтимал.
Екінші орында – 19,5 % дауыспен «Германияға балама» атты оңшыл партия. Бұл – оның тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Үшінші орынға 16 % дауыспен Шольцтің Социал-демократиялық партиясы тұрақтады. Одан кейінгі орында – 13,5 % дауыспен «Жасылдар» партиясы.
ПІКІР ЖАЗУ