Самарқандта өткен “Орталық Азия – Еуропалық Одақ” саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антонио Коштамен кездесті, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Еуропалық Одақ – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің және ірі инвесторларының бірі:
- Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың 40%-дан астамы ЕО елдеріне тиесілі;
- 2024 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы шамамен 50 миллиард долларды құрады, бұл ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы сауданың 80%-ын құрайды.
Президенттер келесі мәселелерге назар аударды:
- Экономиканың түрлі салаларында өзара тиімді әрі кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайту;
- Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың өзара сенімге, стратегиялық мүдделер мен ұзақ мерзімді перспективаларға негізделе отырып, серпінді дамып келе жатқанының маңыздылығы атап өтілді.
Ақорданың ресми хабарламасында бұл кездесу екіжақты әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру