Embraer компаниясы Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: EPA / ТАСС

Ақтау маңында ұшағы апатқа ұшыраған Embraer компаниясы ресми мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде Embraer 190 ұшағымен болған оқиға бізді қатты күйзелтті. Осы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына, дос-әріптестер мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз және тиісті органдарға қолдау көрсетуге толық дайынбыз», – делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада.

Embraer – коммерциялық, іскерлік және әскери ұшақтарды шығаруға маманданған әлемдегі жетекші ұшақ өндірушілердің бірі. Ол 1969 жылы Бразилияда құрылған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...