Жаңалықтар

Елена Рыбакина Мадридте 18 жастағы теннисшіні жеңді

Елена жартылай финалдың жолдамасын Юлия Путинцева – Дарья Касаткина жұбының жеңімпазымен сарапқа салады. Елена Рыбакина Мадридтегі Masters турнирінің ширек финалында ойнайды. Еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы 1 сағат 17 минутқа созылған ойында 6:1, 6:3 есебімен жеңіп, жарыстың 1/4 финалына жолдама алды. Қазспорт телеарнасының мәліметінше, Елена жартылай финалдың жолдамасын Юлия Путинцева – Дарья Касаткина жұбының жеңімпазымен сарапқа салады. Фото: ҚТФ
Барлық жаңалық