Жаңалықтар

Елдос Сметов аудан имамына ерекше сый жасады (ВИДЕО)

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов аудан имамына умра сапарына жолдама тарту етті, деп хабарлайды Ozgeris.info Жолдаманы имамға "Өнер қырандары" театрының актері, қайырымдылық қорының мүшесі Мадияр Серікбаев табыстаған.
"Елдос Сметов аманаттап берген умра сапары Абай облысы Бородулиха ауданының имамы Нұрғазы ағамызға табысталды", - деп жазды Серікбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Еске салайық, Елдос Сметов ұлдарының сүндет тойы мен қызының тілашарында Мадияр Серікбаевқа кіші қажылыққа сертификат табыстап, мұқтаж жанға бұйырсын деген тілегін жеткізген еді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Мадияр Серікбаев (@madiyar_serikbayev)

 
Барлық жаңалық