Әнші Димаш Құдайберген 7 наурыз күні тыңдармандарына жол тартқан жаңа туындысының қараламы көбейіп жатқанына байланысты алғыс білдірді.
«Жаңа бейнебаяныма қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Пікірлерге қарағанда, менің шетелдік тыңдармандарымның белсенділігінің арқасында жаңа бейнебаянымыздың таралымы мен қаралымы көбейіп жатыр», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.
Сондай-ақ, жақын арада бейнебаянның екінші бөлімін аяқтайтынын айтты.
«Жақын достарыма @llightproduction жасаған жұмыстарыңыз үшін алғысымды айтамын», — деді Димаш.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру