Жаңалықтар

Бүгін Қазнеттің пайда болғанына 30 жыл

Бүгін Қазнеттің (қазақ интернеті) пайда болғанына 30 жыл толып отыр. Осы 30 жылдығы қарсаңында Yandex Qazaqstan Қазнеттің дамуы туралы зерттеу жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қазнеттің дамуы туралы статистика:

Қазір Қазнетте 108 мың сайт пен 967 миллион бет бар. Олардың үштен бір бөлігі 2023 жылдан кейін пайда болса, шамамен 71% соңғы 10 жылда ашылған. Сарапшылардың айтуынша, Яндекс іздеу жүйесіндегі қазақ тіліндегі сұраулардың басым бөлігі (67%) білім беру тақырыптарына қатысты.
Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы,- деген Ғабит Мүсіреповтің сөзін зая жібермегеніміз ғой.
Қазақ тілінде іздеу салынған тақырыптар арасындағы ең танымалы төменде: ежелгi грек дiнi, авторлық құқық, сын есім, жасанды интеллект, үстеу, айтыс және т.б.
Барлық жаңалық