Бокстан Азия чемпионатының финалына 9 қазақстандық спортшы шықты

Фото: ашық дереккөзден

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алғашқы финалистер анықталды. 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында 9 боксшымыз финалға шықты, деп хабарлайды ozgeris.info.

  • 35 келі. Абылай Досымбеков
  • 40 келі. Бекхан Оразбаев
  • 43 келі. Жұмағали Нұрмұхан
  • 46 келі. Әмір Мұхит
  • 52 келі. Нұрислам Оңалбек
  • 55 келі. Әбдімансұр Жақсылық
  • 61 келі. Алиимран Алиев
  • 64 келі. Төрехан Қанатбай
  • 70 келі. Мансұр Амантай

Айта кетейік, Әли Әбдікамал мен Жәдігер Мүсірәлі құрлық додасының қола медалін місе тұтты.