Жанжал елордадағы жатақханадағы төбелеске байланысты басталған. Жатақханадағы жағдайды реттеуге 100-ден астам адам келді. Агрессивті қатысушылар ұсталды, қалғандары артқа ығыстырылды.
Наразылық білдірушілер көбейе берді, жиналғандар жатақхананың есік-терезесін қағып кетті. Әлеуметтік желілерде жатақханадағы тонау туралы ақпарат тарады, бірақ, Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы бұл ақпаратты растамады.
Шетелдіктер пайдаланған скутерлерді ұрлау әрекеті жасалды. Полиция барлық жеке құрамын көтеріп, жиналғандарды тарауға шақырды. Шетелдіктер кешірім сұрап, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екендіктерін жеткізді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды таратуға дайындалып жатыр, көше қиылысында мыңға жуық адам жиналды;
Сонымен қатар, полиция бірнеше күн бұрын төбелеске қатысқан үш шетелдіктің ұсталғанын хабарлады.
Шамамен сағат 05.15-те жиналған халық Шу даңғылы мен 7 сәуір көшелерінің қиылысын таратып, тазарта бастады.
Қазір Бішкектегі жағдай тұрақты және полицияның толық бақылауында, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі. Митингке қатысушылардың барлығы тарап кетті, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Елорданың барлық көшелерінде көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
ПІКІР ЖАЗУ