Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені өсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен («әділет кеңесшісі» сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары Аймағанованы құттықтауда.
«Подполковник шені құтты болсын», «Шеніңіз құтты болсын,жоғарылай беріңіз!!!» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі — Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан болатын.
ПІКІР ЖАЗУ