Желіде Талғардағы Шерзаттың ісіне Хасан Қасымбаевтың қатысы бар деген түрлі ақпар тараған еді. Осыдан кейін Хасан үндеу жариялап, өзіне жала жапқандарды сотқа беретінін айтты. Осы тұста халық арасында түрлі пікір туындады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Egov.press TikTok желісіне жарияланған видеоүндеу 2 млн қаралым мен 10 мыңнан аса пікір жинап үлгерген.
«Інісі сотталған болса, ағасы қалай мемлекеттік жұмыс істеген?», «Хасан деген есім қайдан шықты? Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды», «Барлығы бұны іздеп жүрсе, бұл сұхбат беріп жүр», «13 күн өтті. Осыған дейін неге үндеу жасамаған?», «Шерзаттың отбасын қорқытып, үйін өртеген кім сонда?», «Еркек болсаң сол 13 адамды тауып бер», «Беті бүлк етпей сөйлейді екен», «Таза болсаң ата-анасына бар, эфирге шықпай», «Халық көтерілген соң қорыққан үндеу жасап отыр», — деп жазды желі қолданушылары.
Бұдан бөлек, Хасан Қасымбаев бұл іске қатысы жоқ екенін жазғандар да бар.
«Хасанның кінәсі жоқ. Бекер жала жабуға болмайды», «Шерзаттың өлтіріңдер деп Хасан жіберген жоқ қой», «Айдалада жүрген бұл да кіріп кетті», «Хасаннан ешкім ешқандай жамандық көрген жоқ. Талғарда тұрған соң білеміз», «Сенің кінәң жоқ, бауырым. Сенеміз», — деп жазды олар.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, қазір ол ауылда тұрмайтынын да айтты.
@egovpress #талгар #хасан #обращение ♬ оригинальный звук — EGOV.PRESS
ПІКІР ЖАЗУ