Жаңалықтар

Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов 100 қызметкеріне пәтер кілтін табыстады

GALANZ bottlers компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов еңбек ұжымына ерекше әлеуметтік қолдау көрсетті. Ол кәсіпорынның дамуына сүбелі үлес қосқан 100 қызметкерге пәтер кілтін табыстады, деп жазады Ozgeris.info.

Компания басшылығы бұл бастаманы еңбекке адалдық танытып, жылдар бойы табандылықпен жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерді ынталандыру әрі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырғанын мәлімдеді. Жаңа баспаналар заманауи талаптарға сай тұрғын үй кешендерінен берілді. Қызметкерлердің бір бөлігі пәтерлеріне жаз мезгілінде қоныстанса, қалғаны күзде жаңа үйлеріне көшуді жоспарлап отыр. Салтанатты рәсім барысында Тұрсынғали Тұрымұлы қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, олардың кәсібилігі мен адалдығы компания жетістігінің басты кепілі екенін атап өтті.
«Құрметті әріптестер, қоныс тойларыңыз құтты болсын. Жаңа шаңырақтарыңызда шаттық пен береке орнасын. Сіздер бұл қуанышқа шын жүректен лайықсыздар», делінген GALANZ bottlers компаниясының құттықтауында.
Барлық жаңалық