Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты

Фото: іnstagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы үшінші рет ана атанып, қызды болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Өнер иесі 2017 жылы кәсіпкер Тұрсен Алагөзовпен шаңырақ көтерген болатын.

“Балаларымның бәрі әдемі. Үшінші қызым да сұлу болды. Күйеу баламыз достарымен келіп кетті. Қызын алып кетуге әкеміз де келді. Бүгін үйге барамыз. Тұрсен, қандай көңіл-күйде тұрсың?”, – деп сұрады жолдасынан продюсер.

Бірінші некесінен екі баласы мен немерелері бар кәсіпкер жас әке болудың қызық сезім екенін айтты.

“Таңнан бері жылап жүрмін. Әлемдегі ең сұлу менің қызым. Күн сайын қызымды ойлаумен болдым. Міне, тағы да жылап тұрмын”, – деді кәсіпкер.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…