«Баламен сынамасын»: Ләйлә Сұлтанқызы баласы мінген Flyarystan ұшағы Алматыда қона алмағанын айтты

Фото: instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы баласы мінген Flyarystan ұшағы ауа райына байланысты Алматыны 2-3 рет айналып, қона алмай кеткенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Кеше ұлым Дишинка апамен бірге сағат 13.00-де Скаттың рейсімен Астанадан Алматыға ұшу керек еді. Рейс қайта-қайта шегеріле берді, қандай да бір себептерге байланысты шығар, білмеймін. Сосын сағат 17.00-де балам Flyarystan ұшағына отырып, 18.30-19.00 шамасында қону керек болатын. 19-00-ден бастап балама звондаймын, телефоны өшірулі болды», — дейді отандық тележүргізуші.

«19.00-20.00 болды, бір уақытта, 21.00-ге таман ғой деймін, баламнан хабарлама келіп тұр: «Анашым, біз Түркістанға қондық. Алматының ауа райына байланысты. Флай шұғыл Түркістанға қарай ұшып кетті» деген. Ойбай, енді не болады, 22.00-дегі рейстің күйетіні бар, бұл қалай болады, баланың қорыққаны бар.

Тележүргізушінің айтуынша ұшақ Алматыға қонуға бірнеше рет тырысқан.

Екі-үш рет Алматының үстінен айналып, ұшақ қона алмаған. Себебі кеше Алматыда жаңбыр болды, жел болды. Қасында отырған Жанәбілов Ера тіпті қоштасу видеосын жазған. Оны балам айтқанда тіпті қорықтым. «Анашым, бар білетін 2-3 дұғамды оқыдым. Қайта-қайта оқыдым», — дейді.  Таңертең тұра сала мал садақа, мешітке садақа беріп, Құран оқыттым, апаны шайға шақырдым. Аман болайық!» — деді Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында.