Жаңалықтар

"Бақтияр қайда?". Қазақстандық футболшыға Түркияда іздеу салынды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Түркияда іздестірілуде, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Бешикташ» клубының фан-аккаунтында жазылды. Твитке сәйкес, Зайнутдинов өз командасының барлық жаттығу жиындары мен жолдастық матчтарын өткізіп жіберген, сондай-ақ матчтарға ресми құрамға енбеген.
"Бақтияр Зайнутдинов жоғалып кетті. Ол жиында болмаған. Ол жолдастық ойындарға қатыспады. Жаттығуда жоқ. Команданың  матчтарға ресми құрамында жоқ. Қайда? Ол "Бешикташ" ойыншысы ма? ", - деп жазады дереккөз.
Футболшы 2023 жылдың жазында мәскеулік ЦСКА-дан 4,5 миллион еуроға ауысты. Қазіргі уақытта оның нарықтық құны бес миллион евроға бағалануда. Жаңа маусымда Зайнутдинов «Бешікташ» үшін бірде-бір матч өткізген жоқ. Маусымаралық кезеңде алған жарақаты оны маусым алдындағы жиынның көп бөлігін өткізіп жіберуге мәжбүр етті.
Барлық жаңалық