Ерке Есмаханнан оқырмандарының бірі ажырасқаннан кейін қалай екінші рет тұрмыс құруға болатынын сұраған.
«Мен мысалы ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған муж для галочки керек емес еді. Маған мені түсінетін, мені аялайтын, қалай бар солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығамын деп өзіме-өзім сөз бердім. Аллаға шүкір осы бар талабым Раймның сүйіспеншілігімен ұштасты. Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым», — дейді әнші.
Бұдан бөлек, эстрада жұлдызы ажырасқан және бойдақ қыздарға күйеуге шығуға асықпау керегін айтты.
«Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ, фокусты өзіңізге бұрыңыз. Ең бастысы бақытты болу», — деп жазды ол.
ПІКІР ЖАЗУ